Құрбан айт мейрамының алғашқы күнінде Қарағандыда қайырымдылық жәрмеңкесі өтеді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат  - 21-23 тамыз аралығында исі мұсылман қауымы қасиетті Құрбан айт мерекесін тойлайды. 21 тамыз сағат 06.30-да Қарағанды облысының барлық мешіттерінде айт намазы оқылады. Содан кейін сағат 07.00-ден 14.00-ге дейін облыстық орталық мешіт жанында қайырымдылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты.

Сонымен қатар бұл күні облыстық мешітте балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған мерекелік шара ұйымдастырылмақ. 

- Құрбан айт - Исламдағы ең басты мейрамдардың бірі. Бұл күндері мұсылман қауымы құрбандық шалып, оны туғандарына, көршілеріне, мұқтаж жандарға таратады. Аз қамтылған отбасыларына көмек көрсетеді. Біз балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мереке ұйымдастырып, оларға сыйлық таратуды жөн санадық, - дейді Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ Бекқожа.  

Соңғы жаңалықтар