Құрбан айт күндері Жаңаөзенде 5 мал сою нысаны жұмыс істеуде

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Құрбан айт мерекесіне орай Жаңаөзен қаласында 5 мал сою нысаны жұмыс істеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жауаптылардың айтуынша, аталған нысандар мал сою орындарымен, ветеринария-санитариялық сараптау зертханаларымен және арнайы мамандармен қамтылған.

1) «Алмат» мал сою нысаны, Жетібай-Ақтау тас жолы бойында орналасқан.

2) «Көркем Әлем» мал сою нысаны, Теңге ауылы.

3) «Сенек» ЖШС, Рахат ауылы, Мерей шағынауданы, әл-Фараби көшесі.

4) «Абдуллаев» ЖК мал сою нысаны, Астана шағынауданы

5) «Мәуленбаев» ЖК мал сою нысаны, Астана шағынауданы.

«Белгіленбеген орындардан мал сатып алу жұқпалы ауруларға әкеліп соғуы мүмкін. Жоғарыда көрсетілген мал сою нысандары ауылшаруашылығы жануарлары мен адамдарға ортақ аурулардың алдын алу және тамақ қауіпсіздігін сақтау мақсатында ұсынылып отыр. Бұл орындарда құрбандық малдар ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханаларынан өтетін болады»,- дейді Жаңаөзен қалалық ветеринариялық инспекциясының бас маманы Маржан Алимбаева.


Соңғы жаңалықтар