Құрбан айт: Қойдың үйітілген басы да мұқтаж жандарға таратылуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Құрбандыққа шалынған қойдың басы да тұрғындарға таратылуда. Бұл туралы ҚазАқпарат muslim.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай ҚМДБ тарапынан ұйымдастырылған Құрбан шалу рәсімі бүгін де қызу жалғасу үстінде. Құрбан малдарын сойып, мұқтаж отбасыларға тарату жұмыстарын айттың алғашқы күні-ақ белсене бастап кеткен ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігінің қызметкерлері бүгін де игілікті шараның көрігін қыздыра түсті .

Айта кетейік, ҚМДБ ұйымдастырған қашықтықтан уәкілдік беру арқылы құрбан шалу акциясы аясында кешегі күнгі дейін Елорда өкілдігі бойынша 32 ірі қара және 600 қой түлігі жиналған болатын. Осы орайда, құрбан етін алуға онлайн өтініш білдірген тұрғындарға құрбандық еттеріне қоса, үйітілген қой бастары да қоса таратылуда.

Сондай-ақ, құрбандыққа шалынған малдың ішек-қарыны бірден тазаланып мұқтаж жандарға таратылды.


Соңғы жаңалықтар