Құрбан айт: Көкшетауда мүмкіндігі шектеулі жалғыз басты ана баспаналы болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Құрбан айттың бірінші күні Гүлнар Хамзина есімді мүмкіндігі шектеулі жалғыз басты ана баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық "Науан Хазірет" мешітінің мəліметі бойынша 48 жастағы Гүлнар - 1-ші топтағы мүгедек. Жалғыз өзі екі бала тəрбиелеп отыр. Ол осыған дейін қалада пәтер жалдап келіпті. Ал оларға берілген пəтер облыстық "Науан Хазірет" мешіті мен "Зекет" қайырымдылық қоры арқылы сатып алынған.

"Екі бөлмелі пәтердің кілтін Ақмола облысының бас имамы Куаныш Сəбитов пен елімізге белгілі жазушы, журналист Жабал Ерғалиев Айт намазының алдында мешіт жамағатының көзінше табыс етті", - дейді Ақмола облыстық "Науан Хазірет" мешітінің баспасөз хатшысы.

Айта кету керек, бұл аталмыш жоба басталғалы мұқтаж отбасыларға көпшіліктің көмегімен сатып əперілген екінші пәтер.

null 

null  

Соңғы жаңалықтар