Құрбан айт: Ең арзан қойлар қай өңірде сатылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрбан айт - Рамазан айынан соң 70 күннен кейін атап өтілетін, қажылық сапарының аяқталу мейрамы. Биыл бұл мейрам 21 тамыз күні басталады. Содан кейін 23 тамызға дейін құрбандық шалу ұйымдастырылады. Айт кезінде құрбандық шалуға ниеттенген жамағаттың барлығын да мал бағасы қызықтыратындығы сөзсіз. Осыған орай, ҚазАқпарат еліміздің өңіріндегі құрбандыққа шалынатын мал бағасына шолуды ұсынады.

Астанада қой бағасы оның дене-тұрқына байланысты 25 мың теңгеден басталады. Қазіргі таңда Астана қаласында негізгі құрбандық шалу орындары бекітілді: Алматы ауданы: «Метро» СҮ (Астана-Қарағанды т/ж), Байқоңыр ауданы: «Нұрбереке-555» ЖШС, Алаш шоссесі, 30 («Көк Базар» базарының арты), «Есжанова А» ЖК, «Жайлау», Алаш шоссесі, Ц 313 көшесі, «Шаушен» ШҚ, «Астана-Павлодар» т/ж, 9 км, «Темеш» ШҚ, Астана - Софиевка т/ж 7 шақырым, Есіл ауданы: «Алтын-Таға» базары, Қосшы кентінің маң,ы Сарыарқа ауданы: «Ұлжан» әмбебап базары, (бұрынғы «Саянұр» базары).

Сонымен қатар, «Құрбан айт» мерекесін атап өту күндері халыққа құрбандық шалу және тағы басқа өзекті мәселелер бойынша ақпараттандыру үшін тәулік бойы «2288» Call-center жұмыс жасайды.

Алматыда қой бағасы 25 мың теңгеден бастап 120 мың теңге дейін барып жығылады.

Қалада құрбандық шалуға 22 орын белгіленген. Атап айтқанда, Алатау ауданында  «Бекет-ата» мешіті ( «Шаңырақ -1» ы/а, Өтемісұлы к-сі, 109 үй); «Алғабас» мешіті («Алғабас» ы/а, Лермонтов к-сі, 2 үй); «Әскер ата» мешіті ( «Әйгерім-1» ы/а, Ленин к-сі, 18/4 үй); «Мырзахмет» мешіті ( «Қарасу» ы/а, Солтүстік айналым к-сі, 15 үй); Әуезов ауданында «Таугүл-3» мешіті ( «Таугүл-3» ы/а, Центральная к-сі, 9 үй);  «Сауран - Ислам мәдени орталығы» қайрымдылық мекемесі («№2» ы/а, 20А үй); «Таугүл» қайрымдылық мекемесі («Таугүл-3» ы/а, Центральная к-сі, 1Б үй); Бостандық ауданында «Орбита» мешіті («Орбита -3» ы/а, Мустафин к-сі, 5 Е үй); «Бақыткелді» мешіті (Хан Тәңірі ы/а, Дулати к-сі, 27 үй), Жетісу ауданында «Аль-Мадина» мешіті (Федоров к-сі, 12 үй); «Вайнах» мешіті (Айтиев көшесі, 5 үй); «Is-commerse» ЖШС мал сою орны (Полежаев к-сі, 93А үй); Медеу ауданында «Алматы қаласының Орталық мешіті» (Пушкин к-сі, 16 үй); «Аманқұл-ата» мешіті (Әзербаев к-сі, 1 үй); «Омар ибн Хаттаб» ( «Таулы қырат» ы/а, Жуков к-сі, 138 үй); «Фатима» мешіті (Добролюбов к-сі , 138 үй); «Райымбек батыр» мешіті («Думан-1» ы/а, Хан -Тәңірі к-сі, 1 үй), Наурызбай ауданында «Қалқаман» мешіті (Қалқаман- 2 ы/а, Аспандияров к-сі, 84 үй); «Нұр» мешіті (Ақжар ауылы, Даулеткерей к-сі, 86 а үй.); «Тау самалы» базары («Таусамалы» ы/а, Қонаев к-сі, 2 үй);  «ДИ» кешені жанындағы алаң (Жандосов к-сі, 2 үй), Түрксіб ауданында «Қайрат» мешіті («Қайрат» ы/а, Тәттімбет, к-сі 1/1 үй).

Белгіленген орындардан тыс жерлерде құрбандық шалу орын алған жағдайда жауапты жеке және заңды тұлғалар ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне» сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын болады.

Атырауда қой бағасы 20-65 мың теңге болса, сиыр 200 мың, түйе 350 мың теңгеден саудаланады. Дегенмен, дәл Құрбан  айт күні мал бағасы көтерілуі де мүмкін.  Малды сойып беру қызметіне қасапшылар 3 мың теңге алады.

Ақтөбеде қой бағасы 20 мыңнан бастап 50 мың теңгеге дейін жетсе, сиыр 210 мың теңгеден басталады. Бұл қалада құрбандықты 5 жерде шалуға болады. Олар: мал базары, Айбек ет комбинаты, «Қасымов және К» ЖК, «Тандем» ЖШС, Мағаджан орман шаруашылығы.

Ақтауда қойды 35-70 мың теңгеге, сиырды 150-250 мың теңгеге сатып алуға болады. Бұл қалада да  құрбандық шалатын бес орын белгіленген.

Қарағандыда қой бағасы 20 мен 40 мың теңгенің аралығында. Қала әкімдігінің мәліметінше, санитарлық талаптарға сай келетін келесі орындар белгіленді: Резник көш., 18 («Абишев А.О» ЖК), Сәтпаев көш., 204/2 («Абишев А.А» ЖК), Республика даңғ., 72/1 («Тұлпар» көтерме және бөлшек сауда базары), К.Маркс көшесі бұрышы мен Авангардный тұйығы («Бала қажы» мешітіне қарама-қарсы аумақ).

Қостанайда қой бағасы 20 мың мен 60 мың теңгенің аралығында сатылады. Құрбандық «Қостанай Агро өнім» ЖШС кәсіпорнында, және қала маңындағы Затобольск ауылының «Ақниет» базарында шалынады.

Ал Көкшетауда қойды 20-45 мың теңгеге сатып алуға болады. Құрбандық мына орындарда шалынады: «Бижан» ет комбинаты» ЖШС және «Аз» мал базары.

Қызылордада құрдандыққа шалынан қой құны 20 мың мен 65 мың аралығында. Бұл өңірде еділбай қойларының құны жоғары. Құрбандық шалынан бірнеше орын бар. олар қалада мешіттердің жанында орналасқан.

Талдықорғанда қойды 20-30 мың теңгеге алуға болады.

Ал Павлодарда қой бағасы 25-30 мың теңге болады. Құрбандық шалатын малды «Құлагер» атшабары жанындағы арнайы алаңнан сатып алып, сол жерде союға мүмкіндік бар.  Петропавлда қой бағасы 18-30 мың теңге, Таразда 30-50 мың теңге аралығында. Тараз қаласындағы 5 мешіттің жаныннан құрбандық шалатын орындар белгіленген.

Өскеменде қой бағасы 25 мың теңгеден бастап жоғарылай береді. Бұл қала құрдандық «Халифа Алтай» орталық мешітінің жанында ғана шалынады.

Ал Оралда қой бағасы 15-20 мың теңге шамасында. Дегенмен, дәл құрбан айт басталған күні ең арзан қойдың бағасы 25-35 мың теңгеге жетеді деп күтілуде.

Шымкентте қой салмағына қарай 20-30 мың теңгеге сатылады. Құрбандық шалынатын бірнеше орын белгіленген.

Соңғы жаңалықтар