+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Құрбан айт бізді ізгі үрдістерге баулып, адами құндылықтардың бағасын арттыра түседі - Елбасы

2020 жылғы 31 шілде 08:12
Бөлісіңіз:
Құрбан айт бізді ізгі үрдістерге баулып, адами құндылықтардың бағасын арттыра түседі - Елбасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстанықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат elbasy.kz сайтына сілтеме жасап хабарайды.

Ұқсас жаңалықтар

***

Құрметті отандастар!

Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!

Мейірімділіктің, жақсылық пен жасампаздықтың символы болып саналатын бұл жарқын мейрам біздің жүрегімізге жақындарымызға деген сүйіспеншілік ұялатып, игі істерге, мұқтаж жандарға көмектесуге үндейді.

Осы күні біз Жаратқанға жалбарынып, өзімізге бейбіт өмір мен тыныштық, қайрат-қуат пен рухани күш-жігер сұраймыз.

Құрбан айт бізді ізгі үрдістерге баулып, адами құндылықтардың бағасын арттыра түседі.

Елімізде Құрбан айт әртүрлі ұлттар мен дін өкілдері арасындағы бірлікті нығайтуға септігін тигізеді.

Осы қастерлі мерекеде барша қазақстандықтарға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін!

Айт қабыл болсын!


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT