Құран оқу бөлмелеріне 10 адамнан артық кіруге болмайды – діни басқарма

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ел астанасындағы эпидемиологиялық жағдайдың құбылуына байланысты Рамазан айында құран оқыту мен неке қиғызу тәртібі өзгеріске ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Нұр-Сұлтан қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіпов Рамазан Рамазан айында еолрда мешіттерінде құран бағыштау рәсімдері қалай іске асатынын айтты.
«Құран оқытуға келген кезде әлеуметтік ара қашықтық сақталуы керек. Бізде арнайы бөлмелер бар. Ол бөлмедегі келушілердің саны 10 адамнан аспауы қажет. Олардың арасындағы қашықтық та өте маңызды. Құран оқыушы діни қызметкер мен келген жамағатта да бетперденің болуы міндетті. Сонымен қатар, құран оқитын бөлмелердің алдында арнайы санитарлық тазалағыш заттар тұрады. Соларды міндетті түрде қолдануымыз керек. Құран оқитын бөлме әр 3 сағат сайын есік-терезесі ашылып, тазартылып тұруы керек. Бұл талаптар жергілікті бас санитарлық дәрігердің шешімі бойынша өзгеріп отырады. Жеке намазға келуші адамға да, құран оқытушы адамға да бас санитардың шешіміне сүйеніп жағдай жасалады», - деді қаланың Бас имамы.
Діни қызметкердің айтуынша, неке қиғызуға келген адамдарға қойылатын талап та осыған ұқсас.
«Неке бөлмесіне тек неке қидыратын екі жас пен куәгердің кіруі ғана қаматамасыз етіледі. Мұндай сәтте жастардың жақындары қуанышты жағдайға қатысқысы келетіні түсінікті . Бірақ қазіргі жағдайды ескеру керек. Некесін қиғызушылардың арасында да
Мамандардың айтуынша, ораза ұстаған елордалықтар да вакцина ала алады.
Еске салсақ, осы брифинг барысында елордалық еріктілер ауызашар қоржынын жеткізуге көмектесетіні айтылды.
- Маңғыстау облысы «сары» аймақта: Карантин шаралары күшейтілмек
- 15 сәуірде елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
- ШҚО-да карантин талаптарын бұзудың 14 фактісі тіркелді
- Алматыда карантин режимін бұзған тұрғындарға 234 млн теңге айыппұл салынды
-
Биыл Нұр-Сұлтанда 7 мың үлескер баспаналы болады
-
ШҚО-да шектеу шаралары 28 сәуірге дейін ұзартылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам