Құрама капитаны Асланбек Шымбергенов Қазақстан қоржынына үшінші алтынды салды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысының өкілі, Азия жеңімпазы А.Шымбергенов 71 келіге дейінгі салмақта екі мәрте құрлық чемпионы, өзбекстандық Саиджамшид Джафаровпен жұдырықтасты.

Асланбек бірден жекпе-жек тізгінін қолына алды. Өзбекстандық боксшының мұрны да қанады. Бірінші раунд есебі – 5:0. Екінші кезеңде таразы басы С.Джафаровқа ауды – 3:2. Қорытынды есеп – 5:0. Асланбек чемпион!

Енді Қазақстаннан шығатын бір боксшы қалды. 80 келіге дейінгі салмақта Нұрбек Оралбай қытайлық қандасымыз Тоқтарбек Таңатханмен алтын жүлдені сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жәнібек Әлімханұлының кәсіпқой бокста Стивен Батлерді нокаутпен ұтқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ бүгін Ташкентте қазақстандық үш боксшы чемпиондық атақ үшін рингке шығатыны хабарланды.

Махмұд Сабырхан өзбек боксшысын қос нокдаунмен ұтып, әлем чемпионы атанды.

Өзбекстан құрамасындағы қазақ жігіті әлем чемпионы атанды.


Соңғы жаңалықтар