Құралбек Атамұратов Қостанай облыстық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарады

None
Фото: Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен Құралбек Атамұратов мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құралбек Атамұратов 2001 жылы Ақмола облысы Целиноград ауданының Ақмол ауылындағы орта мектепті бітірген. Кейін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2005 - 2009 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде жұмыс істеген.

2010 - 2012 жылдары «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз хатшысы қызметін атқарған.

2013 - 2019 жылдары мәдениет және ақпарат саласына маманданған коммерциялық құрылымдарды басқарған. Алматы қаласындағы ауқымды мәдени шараларды ұйымдастырған, «Қазақстан» РТРК, «Хабар», «31-арна», «Алматы» телеарналарында теле-видеоөнімдерді шығаруға продюсер болған.

2019 жылдан Солтүстік Қазақстан облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы лауазымында еңбек еткен.

Қоса кетсек, бұған дейін Қостанай облыстық мәдениет басқармасын басқарып келген Ерлан Қалмақов дін істері басқармасына басшы болып тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар