Құралайды көзге атқан мергендеріміз Берлинде бақ сынайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық садақ атушылар 15-22 шілде аралығында Германия астанасы Берлинде өтетін садақ атудан Әлем Кубогының кезеңінде бақ сынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей, бұл мергендер үшін финалға жолдама беретін соңғы мүмкіндік. Берлиндегі сайыстан соң ең көп ұпай жинаған спортшылар қыркүйек айында Римде (Италия) өтетін финалдық кезеңде бақ сынайды.

Аталған додада классикалық садақ атудан ерлер арасында Денис Ганькин, Сұлтан Түзелбаев, Санжар Мұсаев және Ильфат Абдуллин, ал қыздар арасында Луиза Сайдиева, Қарагөз Асқарова, Алина Ильясова және Талшын Құсайын ел намысын қорғайды.

Сондай-ақ, блоктық садақ атудан ерлер арасында Акбарәлі Қарабаев, Павел Фишер, Константин Солодовников, Артем Ганькин сынға түссе, қыздар арасында Адель Жексенбинова, Диана Макарчук, Виктория Лян өнер көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар