Курьерлер жыл басынан қанша сомаға қызмет көрсетті – статистика

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы курьерлердің жыл басынан атқарған қызметіне қатысты статистиканы ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, елімізде 2022 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында 51,7 млрд теңгеге пошта және курьерлік қызмет көрсетілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ақашалай мәнде 2,5% аз.
Ауылды жерлерде осы жылдың 11 айында қызмет көрсету көлемі 2,6 млрд теңгені құрады.
Өңірлік бөліністе курьерлік қызметтердің ең үлкен көлемі Алматы қаласына тиесілі – 29,8 млрд теңге, ТОП-3 өңірге Астана қаласы (5,6 млрд теңге) мен Қарағанды облысы (2 млрд теңге) да енді.
Ең аз қызмет көрсету Ұлытау облысына тиесілі – 92,5 млн теңге.


Соңғы жаңалықтар