+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Құны 18 млн теңге болатын автотиегішті айдап әкеткен күдіктілер ұсталды

2021 жылғы 25 қыркүйек 18:39
Бөлісіңіз:
Құны 18 млн теңге болатын автотиегішті айдап әкеткен күдіктілер ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Байқоңыр» аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері құны 18 млн теңге болатын «LW 300 KN» маркалы автотиегішті айдап әкеткен 2 күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да заңсыз аң аулаған 20 адам жауапқа тартылды ШҚО-да кәсіпкерден 30 млн теңге бопсалаған қылмыстық топ мүшесі ұсталды Атырауда алаяқ университетке ақысыз түсіремін деп үш адамның 1,2 млн теңгесін алған

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, құқық қорғау органдарына жауапкершілігі шектеулі серіктестердің бірінің жүргізушісі жүгініп, түнгі уақытта Алаш тасжолы бойында қалдырған автотиегішінің ұрланғанын хабарлаған. Оның айтуынша, жұмыстан кейін көлігін жол бойына қалдырып, үйіне кеткен. Ал таңертең көліктің ұрланғанын біліп, полицияға жүгінген.

«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері көлікті айдап әкету күдігімен қаланың 29 жастағы 2 тұрғынын ұстады. Қаскүнемдер иесіз көлікті байқап, жақын маңда бейнекамералардың және бөгде адамдардың жоқтығын пайдаланып, автотиегішті айдап әкеткен. Күдіктілер ұрланған көлікті түн уақытында қала маңындағы ауылдардың біріне жасырған. Олар автотиегішті басқа қаладағы сатып алушыға 6 млн теңгеге саудаламақ болған. Бұл үшін олар ұзын өлшемді жүк көлігінің жүргізушісімен автотиегішті тасымалдауға уағдаласқан», - деп атап өтеді департаменттен.

Ведомство ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қалалық полиция департаментінің уақытша оқшаулағышына қамалды. Олардың елорда аумағында жасалған осындай қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT