Құны 10 долларлық «ноутбук» шығарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Razer компаниясы Razer Blade Stealth геймерлерге арналған лэптопының атауымен үндес Blade Stealth Notebook атты қойын дәптерін шығарды.

Шын мәнінде әдемі қойын дәптер көргендерге сырттай портативтік компьютерге ұқсайды. «Ноутбуктің» ішін ашсаң қағаз парақшаларын көресің. Өндіруші «notebook» сөзінің мағынасын шынайы мәнін еске түсіргісі келген секілді.

slashgear.com сайтының жазуына қарағанда, Razer басшысы жаңа өнім туралы тек Фейсбуктегі парақшасында қысқа жазба қалдырған.

Razer Blade Stealth құрылғысының нағыз бренд нұсқасы өте жылдам жұмыс істейтін құрылғы, оның бағасы кемінде 1 мың доллар тұрады.

Соңғы жаңалықтар