Күнсұлу Закария: Биологиялық қауіпсіздікті болжау ұлттық жүйесін құру уақыт талабы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биологиялық қауіпсіздікті болжау ұлттық жүйесін құру уақыт талабы. Мұндай пікірді ҚР Президентінің Жолдауына орай QazVac вакцинасын әзірлеуші Күнсұлу Закария білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты халыққа Жолдауында Биологиялық қауіпсіздік проблемалары институты ғылымдары әзірлеген және өндірген отандық QazVac вакцинасын жоғары бағалай келе: «Қазақстан – коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығарған әлемдегі санаулы мемлекеттің бірі. Біздің вакцинамыздың тиімді әрі қауіпсіз екеніне еш күмән жоқ. Қазір QazVac-қа өзге мемлекеттер де сұраныс білдіруде» деп атап өтті. Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ ұжымы Мемлекет басшысының Жолдауын, әсіресе еліміздің биологиялық қауіпсіздік мәселелерін күшейту туралы тапсырмасын ыстық ықыласпен қабыл алды. Қазіргі уақытта елдің биологиялық қауіпсіздігін болжау ұлттық жүйесін құру – бұл уақыт талабы. Аталған жүйе биологиялық қауіпсіздікке төнуі мүмкін қауіп-қатерге шұғыл әрекет етуге мүмкіндік береді», - деді Күнсұлу Закария.

Сонымен қатар ғалым «Саламатты ұлт» ұлттық жобасы аясында кемінде 12 зертхана жоғары технологиялы құралдармен жабдықталатындығы айтылғандығын атап өтеді.

«Бұл өте маңызды. Өйткені,мемлекеттің басты міндеті - азаматтардың денсаулығын қамтамасыз ету. Мемлекет басшысы тапсырмасы санитарлық-эпидемиологиялық зертханаларды халықаралық стандарттар деңгейіне арттыруға және отандық фармацевтика саласын көтеруге мүмкіндік береді. Кеше Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың басшылығымен Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңестің отырысына қатыстық. Онда Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы елдің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты берген тапсырмасы талқыланды. Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ Мемлекет басшысының биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және фармацевтика саласын дамытуға қатысты саясатын толықтай қолдайды әрі әрбір тармағына Қазақстанның дамуы мен болашағы үшін өз үлесін қосуға дайын», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар