Күншуақтап жүрген зообақ жануарларының видеосы көпшілікті сүйсінтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы зообағының жануарлары үш айғы қыстан кейін далаға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зообақтың бұрынғы директоры Ержан Еркінбаев күншуақтап жүрген хайуанаттардың видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Впервые в этом году выпустили носорогов погулять.

Публикация от Yerzhan Yerkinbayev (@yerkinbayev) Мар 10, 2018 в 12:11 PST



Видео өткен демалыстарда орналастырылды, ол күндері Алматыда күн өте жылы болды. Ұзақ қыстан кейін антилопалар мен мүйізтұмсықтар далаға шығарылды. Жануарлар таза ауамен демалып, балаша қуанған.

«Антилопалар күншуақтап жүр. 5 ай бойы қамауда тұрған жануарлар таза ауа жұтып, топырақ басқанды сағынып қалған сияқты. Мүйізтұмсықтар биыл бірінші рет ерте шығып отыр», - деді Е.Еркінбаев.

Зообақтың даму бөлімінен хабарлағандай, жануарлар далаға тек күн жылыған уақытта шығарылады. Бүгін Алматыда күн бұлыңғыр. Сондықтан, олар мамыр айына дейін қысқы вольерде болады.

 

Антилопы рады весне! После 5 месяцев, проведенных в помещении, они встречают солце, простор, свежий воздух и почву под ногами.

Публикация от Yerzhan Yerkinbayev (@yerkinbayev) Мар 9, 2018 в 9:03 PST

Соңғы жаңалықтар