Күннің жылынуына байланысты 4 өңірде ескерту жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК ауа температурасының жоғарылауына байланысты 4 өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күннің жылынуына байланысты Жамбыл, Алматы облыстары мен Алматы қаласында 14-17 ақпан аралығында қардың еруі, еріген қар ағындысының қалыптасуы, өзендерде мұз көбесінің сөгілуі және су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

Сондай-ақ 14 - 16 ақпан күндері Сырдария өзенінің Қызылорда облысы аумағындағы тұсында күндіз ауа температурасының көтерілуіне орай мұздың жібуі, су деңгейлерінің көтерілуі болжанады.

Еске салайық, синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты Түркістан облысында да ескерту жариялаған болатын.

Соңғы жаңалықтар