+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Күннің ыстығы қатты әсер етті: Ярослава Шведова жарыстан неліктен бас тартқанын түсіндірді

2021 жылғы 25 шілде 20:33
Бөлісіңіз:
Күннің ыстығы қатты әсер етті: Ярослава Шведова жарыстан неліктен бас тартқанын түсіндірді

ТОКИО. ҚазАқпарат - Ярослава Шведова Олимпиадада неліктен жарыс жолынан шығып қалғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Теннис: Елена Рыбакина жұптық сында Индиан-Уэллс турнирінің финалына шықты Теннис: Денис Евсеев Испаниядағы турнирдің ширек финалына өтті Алан Құрманғалиев үстел теннисінен халықаралық турнирде жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Олимпиаданың келесі айналымына өте алған жоқ. Ол кездесу кезінде ойынды тоқтатуға мәжбүр болды.

Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайтына сұхбат берген теннисші жарыстан бас тартуының себебін айтты.

«Өз өзіме енді келіп жатырмын. Өкінішке қарай, кездесу жеңіліспен аяқталды. Жақсы ойнап, тырысқан сияқтымын. Бәрі жаман емес еді, алайда, бірінші сеттің аяғына қарай ыстыққа шыдау мүмкін болмады. Күннің ыстығы қатты әсер етті.

Сонда да тоқтамай, бірнеше гейм ойнауға тырыстым. Бірақ жағдайым нашарлап, аяғымды сезбей қалдым. Ойынды тоқтатқым келген жоқ, ең соңына дейін ойнағым келді. Бірақ 3:2 есебімен алда тұрғанымда бәрі қиындай түсті.

Мен соңына дейін ойнай алмайтынымды сездім. Юля мен Зарина да ойыннан бас тартқан соң барынша соңына дейін барғым келді. Ойыным жақсы жүріп жатса да, жағдайдың осындай болғаны өкінішті», - деді Шведова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT