Күніне 10 мың қадам жүрудің денсаулыққа пайдасы бар ма

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаяу жүру денсаулыққа пайдалы екенін айтады. Сонымен қатар қоғамда күніне он мың қадам жүру пайдалы деген пікір көп айтылып жүр. Сол рас па? Оның ғылыми негізі бар ма? - деп жазады Le Figaro.

«Осы күнге дейін бұл пікірді ешқандай ғылыми зерттеу дәлелдеген жоқ. Бұл сан 1964 жылғы Токио олимпиадасында пайда болған. Ол кезде алғашқы рет қадам есептейтін құрылғы таныстырылды», - дейді спорт дәрігері Мартин Дюкло.

Оның айтуынша, жақсы формада болу үшін 5-6 мың қадам да жеткілікті. Бұл жүрек қантамыры ауруларын, диабет қаупін төмендетеді.

ДДСҰ 18-64 жастағы балалар күніне 150 минут физикалық белсенділікте болу керектігін ұсынады.



Соңғы жаңалықтар