Күні-түні жанымызда: Коронавируспен ауырып жатқан науқастар дәрігерлер туралы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тыныс алу қиындаған кезде жұмыс істейтін аппараттар, науқастардың денсаулығына алаңдайтын дәрігерлер, сатурацияны тексеру, жақсылықтан үміттену. Мұның бәрі қазір ковидтік ауруханаларда кездесетін күнделікті жағдай.

Елордалық дәрігерлер қалалық жұқпалы аурулар орталығының ересектер корпусындағы жағдай туралы баяндап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Видеода пациенттердің бірі қалай демалып жатқаны, әсіресе терең тыныстауға тырысқанын анық көруге болады. Алайда науқас үшін арнайы аппаратсыз тыныс алу оңай емес. Кадрлардың тағы бірінде дәрігерлердің науқаспен сөйлесіп, қолын ұстап, демеу беріп жатқанын көруге болады.

Науқастардың бірі – Ержан Байтүгелов стационарда емделіп жатыр. Ол дәрігерлердің жанында болатынын әрі үнемі қолдап отыратынын атап өтті.

«Мұнда келген кезде өкпемнің 20%-ы зақымданыпты. Оның алдында апта бойы дене қызуым түспей қойды. Ауруханаға түскен сәттен бастап дәрігерлер күндіз-түні қасымызда болып, емделіп, аман-есен шығуымызға көмек көрсетіп жүр. Бүгін тәуір болып қалдым. Амандық болса емделіп, шығамыз. Қолдау көрсеткендеріңіз үшін бәріңізге алғыс айтамын», - дейді видеода Ержан Байтүгелов.

Еске сала кетейік, елордада эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты 2 200 орынға дейін қосымша инфекциялық төсек-орын ашылған болатын. Сондай-ақ, науқастардың күрт өсуіне және «Омикрон» штамының пайда болуына байланысты пациенттер саны амбулаториялық деңгейде 47 600-ден астам адамға артты.

Дәрігерлер осыған байланысты кезекті рет дабыл қағып отыр, өйткені төсек орындары тез толып жатыр. Медицина қызметкерлері бұл жолы да екпе алуға шақырды, сол сияқты оның тиімділігі мен аурудың ауыр ағымына қарсы тұруды атап өтті.





Соңғы жаңалықтар