Құнды қағаз нарығында ойыншы атанған қазақстандықтардың саны қанша

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Құнды қағаз нарығында ойыншы атанған жекелеген қазақстандықтардың саны қанша? Бұл сауалға бүгін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз хатшысы Азамат Кенже жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған агенттік ұйымдастырған онлайн баспасөз мәслихаты барысында журналистер ведомство өкілдерінен: «Құнды қағаз нарығында ойыншы атанған жекелеген қазақстандықтардың саны қанша? Олардың орташа жылдық табысы белгілі ме?», - деп сұраған еді.

Сауалға жауап берген агенттіктің баспасөз хатшысы Азамат Кенже осы жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша жеке тұлғалардың 138 мыңнан астам брокерлік шоты ашылғанын айтады.

«Тұтастай алғанда, бағалы қағаздардың табыстылығы, оның тәуекел деңгейі әркелкі болып келеді. Ал оларды таңдау бағалы қағазды ұстаушы жеке тұлғалардың өз еркінде болғандықтан инвестициялау кірістілігінің жалпыға бірдей нәтижесін шығару әзірше мүмкін емес», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар