-
ОНЛАЙН:
Kundelik.kz порталына хакерлік шабуыл жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 4 қыркүйегінде «Kundelik» ақпараттық жүйесіне DDOS хакерлік шабуыл жасалды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Kundelik.kz порталының әзірлеушілері қазіргі уақытта порталға және мемлекеттік органдар үшін есептік жүйеге қолжетімділік жылдамдығының азаюы мүмкін екендігін х
«Kundelik» ААЖ қолданушылардың персоналды мәлеметтерін қорғау мақсатында Ұлттық ақпараттандыру операторы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ серверлерінде орналастырылған және «электронды үкімет» сервистері деңгейінде қорғалады. Қазіргі уақытта «ҰАТ» АҚ техникалық мамандары мен телекоммуникациялық опреаторлардың («Казахтелеком» АҚ, «ГТС» РМК, «Транстелеком» АҚ, «Кселл» АҚ және т.б.) жетекші мамандары сырттан жасалған шабуылдардың салдарын толық жою және жүйелерге қолжетімділік жылдамдығын қалпына келтіру үшін Kundelik.kz порталын және тағы да басқа ақпараттық жүйелерді қорғау бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр. Яғни, осы жағдай «ҰАТ» АҚ тарапынан шыққан техникалық ақаулық болып табылмайды», - делінген хабарламада.
Қазір шетелдік DDOS шабуылдарға қарсы тұру бойынша біріккен жұмыстар жасалып жатыр.
Портал қолданушыларының барлық мәліметтері - жеке ақпарат, үлгерім, сабаққа қатысу туралы бағалар, берілген үй жұмыстары - «ҰАТ» АҚ ақпараттық қауіпсіздігінің периметрінде орналасқан және өзгертілмейді. Жүйенің толық қалпына келуі мен жағдайдың шешілуі туралы қосымша хабарланатын болады.
Айта кетейік, «Kundelik» - бұл Қазақстанның жалпы білімдік мектептерінің электронды күнделіктері мен журналдарының ұлттық жүйесі. Жүйеге 6 мыңнан астам мектеп қосылған, 4 млн. астам қолданушы тіркелген. Электронды күнделіктерді енгізу арқылы оқу үрдісінің тазалығы және оқушылар мен мұғалімдер арасында ақпаратпен алмасу қолайлығы жоғарылайды, сонымен қатар есеп тапсыру үрдісі жеңілдейді.
- СҚО тұрғыны 14,5 келі есірткімен ұсталды
- Ғалымдар отандық QazCovid-in вакцинасын әзірлеу технологиясы туралы айтып берді
- Жыл басталғалы ел аумағында 340 келіден астам есірткі тәркіленді
- Велосипед ұрлаған Ресей азаматы 12 жылдан кейін Павлодарда ұсталды
-
Қарағанды облысында үш адам оқ жарақатымен ауруханаға түсті
-
Алматыда есірткі сататын 250-ге жуық сайт анықталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам