Kundelik.kz-ке DDOS-шабуыл жасалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Мемлекеттік техникалық қызмет» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі бүгін Kundelik.kz-ке DDOS-шабуыл жасалғанын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгін сағат 13.15-тен бастап DDoS-шабуылдар тіркелді. Шабуылдардың көлемі секундына 600 мегабитке дейін жетті. Қалыптан тыс сипаттағы трафик сағат 2,5 сағатқа созылып, сағат 16.00-де интернетке кірудің бірыңғай шлюз қондырғысында тойтарылды. Қазір зиянкес трафикті зерттеу жұмыстары жүріп жатыр», - деп жазылған Мемлекеттік техникалық қызметтің ресми мәліметінде.

Соңғы жаңалықтар