Күнбағысқа экспорттық баж салығы енгізіледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан күнбағысқа экспорттық кедендік баж салығын енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде сыртқы сауда қызметімен айналысатын ведомствоаралық комиссия бар. Мәселен, кеше күнбағысты сыртқа шығаруға қатысты мәселені қарастырдық. Оған экспорттық кедендік баж салығын енгізу туралы шешім қабылдадық. Өйткені, оны сыртқа шығару қаупі бар. Соған орай қаңтардан бастап тарифтік квота енгіземіз және өндірушілер Ауыл шаруашылығы министрлігімен жыл бойы күнбағыс майының 1 литрін 750 теңгеден асырмау туралы меморандумға қол қояды», - деді Серік Жұманғарин Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Бұған дейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі күріш бағасына пікір білдіргенін жазған едік.

Фото:lizagubernii.ru


Соңғы жаңалықтар