Күн суытқанда техногендік өрттің саны артады – ТЖД

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ауа температурасының төмендеуіне байланысты техногендік өрттің тұтану ықтималдығы артады. Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомства мәліметінше, күн суытқанда техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар көбейеді.

Сондықтан ақаулы электр құрылғыларды пайдалануға және оларды қараусыз қалдыруға болмайды.

«Жылыту қазандықтары мен пештерін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз. Түтін құбырларын уақтылы тазалап, мұржадағы түтінің тартылуын тексеріңіз. Жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға болмайды. Кішкентай балаларды үйде жалғыз қалдыру өте қауіпті. Пешті қатты қыздырмай, күніне екі-үш рет, бір жарым сағаттан асырмай от жағу ұсынылады»,- деп хабарлады департаменттен.

Сонымен қатар, төтеншеліктер бір желіге бірнеше электр құрылғыларын қоспауға кеңес берді.

Өйткені электр желісінің шамадан тыс жүктелуі қысқа тұйықталуға және өртке әкелуі мүмкін.

Төтенше жағдай туындаған кезде 101 немесе 112 жедел қызмет телефонына қоңырау шалу қажет.


Соңғы жаңалықтар