Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 17 °С
Алматы: 17 °С
USD 341.18 EUR 392.97
RUB 5.34 CNY 52.50
Жаңалықтар

Күн сайын біреудің пара үшін қамалғанын естиміз - сенатор

2018 жылғы 14 наурыз 20:04 1875
Бөлісіңіз:
 Күн сайын біреудің пара үшін қамалғанын естиміз - сенатор

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмысына ерекше көңіл бөлу қажеттілігі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның пікірінше, сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күресу жеткіліксіз, оған негіз болатын алғышарттарды жою керек.

 «Күн сайын сыбайлас жемқорлық үшін біреудің қамауға алынғанын еститін болдық. Өз мемлекеттік қызметшілерімізді қорғайық та, бұл біздің адамдар, біздің еліміз, біздің болашағымыз. Ешкім пара алуға ұмтылмайтындай, ешкім ешкімді ұстап бермейтіндей жағдай жасауымыз керек. Бір кездері бар кінәні пара алатын ағалар мен апаларға жабатындар болды. Жиырма жыл болды, бюджеттің қаржылық ресурсын бөлетін жерде ондай аға-апалар жоқ. Енді сендердің буындарың мұнымен айналысып келеді. Біз қартайғанда көмекке жүгінетін еліміздің жас буындары айналсып жатыр. Сондықтан, мемлекеттік қызметшіні барынша қорғауымыз керек», - деді Б. Әйтімова Астанада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтық бастамалардың 2-ші конгресінде.

Сондай-ақ, Парламент өкілі онсыз да тапшы болып отырған мемлекеттік қызметшілердің азайып кетуі мүмкін екенін баса айтты.

«Кей облыс әкімдері айтып жүр, оңтүстікте мемлекеттік қызмет үшін адамдар кезекте тұр, ал солтүстікте керісінше - жақсы маман тапшы. Тағы бір облыстың әкімдігінде бірде-бір қызметкер жоғары лауазымға көтеріле алмайды, себебі олардың сөгістен аманы жоқ. Менің ойымша, біз жемқорлықпен күрес деген осы екен деп, бәрін жапатармағай жазалап жіберген сияқтымыз. Олар мұндай түсінікпен тумайды ғой. Сондықтан сыбайлас жемқорлық түсінігіне нақты сай келетін шараларды әзірлеуіміз керек», - дейді сенатор.

Фото: sputniknews-uz.com

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Редактор
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
Мұрағат