Күн сайын автобустардың 10% жұмысқа шықпайды – Сағынтаев

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде қаладағы қоғамдық көліктердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұрығындарды қоғамдық көлікпен толық қамтамасыз ету үшін бізге кемінде 2100 автобус қажет. Бүгінгі күні 1600 автобус бар. Олардың барлығы желіге бірдей шықпайды. Бұзылады, жолда сынып қалады. Күнде таңертең адам тасымалдауға шыққан автобустар туралы ақпарат алып отырамын. Таңғы сағат 08:00-де қоғамдық көліктердің 88-90% жүреді. Яғни қолданыстағы 1600 автобустың 10% шықпайды. 160 автобус жүрмейді. Неге шықпайды? Бұзылады!», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Әкім жүргізушілерге қатысты мәселені айта келе, олардың көбі қаланы жақсы білмейтінін, сырттан келгенін жеткізді.

Сондай-ақ, ол келесі жылы 200 троллейбус сатып алынатынын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін шаһар басшысы Алматыға жеткізілуі тиіс 200 жаңа автобус неліктен кешіктіріліп жатқанын түсіндірген болатын.


Соңғы жаңалықтар