Күн сайын адамдарға көмек қолын созғым келеді – Эльмира Сақалова

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде мемлекеттік қызмет пен волентерлікті қатар атқарып, қоғамға зор пайдасын тигізіп жүрген жандар бар. Соның бірі - Парламентаризм институтының қызметкері Эльмира Сақалова, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мамандығым - заңгер. Ұзақ уақыт бойы сотта, PwC компаниясында жұмыс істедім. Бүгінде Парламентаризм институтында қызмет етемін. Бұл мамандыққа таңдау жасаудағы басты себептердің бірі ең мықты білім – заң білімімен өзіңнің жан-жақты қаруланғаныңды сезіну. Қазіргі уақытта күнделікті өмірдегі барлық салада өзіңнің іс-әрекетіңе дұрыс құқықтық баға бере білу өте маңызды. Жалпы, жұмысым қатты ұнайды, қызықты Біз депутаттардың сұрауы бойынша шет мемлекеттердің заңнамасына салыстырмалы талдау жасаймыз. Олардың тәжірибесін, кейбір мәселелерді әлемдік қауымдастық қалай шешетінін қарастырамыз. Ең жақсы тәжірибені таңдап, депутаттардың қарауына ұсыныс жібереміз», - деді Эльмира Сақалова.

Бүгінде ол негізігі жұмысымен қатар волентерлікпен де айналысады. Қоғамға пайдасын тигізуді басты мақсаты санайды.

«Негізінен жағдайлық және әлеуметтік волонтерлікпен айналысамын. Яғни, адамдармен тығыз-қарым-қатынаста боламын. Қазіргі уақытта денсаулығының мүмкіндігі шектеулі адамдарға, балаларға жан-жақты көмек көрсетіп, қалалық түрлі іс-шараларды, акцияларды ұйымдастыруға қатысамын. Осы салада жаңа білім алу, сонымен қатар өзге қалалардағы волентерлік ұйымдармен арада тәжірибе алмасу үшін еріктілер форумына қатысып тұрамын. Өмірім жарқын әрі қызықты бола түсті. Күннен сайын адамдарға көмек қолын созғым келеді. Бұған қоса мол жұмыс тәжірибесін алып, жаңа білім алуға ұмтыламын. Өмірге нық сеніммен қарауға үйренемін. Волонтерлікпен ерікте түрде айналысып жүрмін. Өйткені, әр ісімнің барлық уақытта да нәтижесі болады», - деді волентер.

Эльмира Жарасқызы 2019 жылы «Астана көмек қоры» қайырымдылық қорының негізін қалады.

«Ерекше қажеттілігі бар балаларға көмек қолын созамыз. Азық-түлік себетімен көмектесіп, көпбалалы отбасылардан шыққан балалардың мектепке баруы үшін қажетті заттарын алып береміз. Тіпті індет өршіп тұрған кездің өзінде де мұқтаж жандарға азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізіп берумен айналыстық. Осыдан кейін уақыт өте келе аналар көмек сұрай бастады. Сондықтан 2020 жылы «Кәсіпкер ана Қазақстан» қоғамдық қорын ашықтық. Қордың негізгі мақсаты – халықтың осал тобынан шыққан аналарды үйде отырып жұмыс істеуі және өз ісін дамытуы үшін түрі мамандық бойынша шеберлікке, дағдыға үйрету. Бүгінде көптеген алғыс хат алып, қоғам тарапынан жылы пікір, ізгі тілек, ризашылық естідім. Ал бұл жайт жүрегіңе жылу сыйлайды», - деді Эльмира Сақалова.


Соңғы жаңалықтар