Күн райының күрт нашарлауынан Жетісуда бірнеше жол апаты болды

2023 жылғы 18 наурыз, 18:02
Күн райының күрт нашарлауынан Жетісуда бірнеше жол апаты болды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Күн райының күрт нашарлауынан Жетісуда бірнеше жол апаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

Екі жол апаты Ақсу ауданындағы Сағабүйен ауылының маңында тіркелді. Елді мекеннен шыққан кезде Mitsubishi Lancer автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, көпірден аударылып кеткен. Жол апатынан екі адам зардап шекті.

photo
Сондай-ақ, Алматы-Өскемен автожолының 361-шақырымында (Сағабүйенде) CHERY кроссовері КамАЗ-бен соқтығысқан. Оқиға орнында 3 адам қаза тапты, олардың арасында сәби де бар. Тағы екі адам ауруханаға түрлі жарақаттармен жатқызылды.
photo
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar