Күн мобильдерімен жүгіруге қатысушылар Қазақстан бойынша 2700 шақырымды жүріп өтеді

None
None
БАЙҚОНЫР. ҚазАқпарат – Байқоңыр қаласы күн мобильдерімен халықаралық жүрудің аралық кезеңіне айналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Автошеруге қатысушылар 2700 шақырымдық күрделі жолды өз қолдарымен жасалған күн энергиясымен жүретін көліктерімен еңсереді. Жарыс Орал қаласынан басталып, Алматыда аяқталады.

Күн батареяларын негізгі қуат көзі ретінде пайдаланатын қатысушылар әртүрлі қалалардан – Санкт-Петербург, Сочи, Астрахань, Пермь, Ақтөбеден жиналды. Байқоңырда оған қала тұрғыны – жеке кәсіпкер Ерлан Жаппасбаев өзінің «Боран» күн көлігімен қосылды.

Бұл іс-шараның бастамашысы Никита Поддубнов күн сайын тізбек 45 км/сағ жылдамдықпен 150-200 шақырым жүретінін, олар күн батареяларын ашып, көліктерді қайта қуаттауға тоқтайтынын, сонда түнейтінін айтты.

«Біз Қазақстан бойынша бағытты таңдадық. Өйткені бұл жерде ауа райы ашық болғандықтан ғана емес, жол полициясын қоса алғанда, жол бойында мейірімді, қонақжай адамдарды кездестіреміз», - деді Никита өз әсерімен бөлісіп.

Белгілі болғандай, өткен жылы Поддубнов күн мобильдерімен бірінші рет жүгіріп өткен. Биыл 8 көліктен тұратын топ жиналып, 5 күн мобилі Байқоңырға жетті.

Ғарыш қаласындағы аялдама Байқоңырдағы жастар үшін өте пайдалы болды. Автошеруге қатысушылар «Байқоңырдың болашағы» жастар бастамаларын қолдау орталығына барып, ғарыштық технологияларды қалай пайдалану керектігі туралы айтып, сұрақтарға жауап берді және өздерінің көлік құралдарын көрсетті.

Қала әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин де ерекше көліктерді көруге келді, автошеруге қатысушыларға бастамасы үшін алғысын білдіріп, Байқоңырда балаларға арналған күн энергиясымен жүретін көліктерді зерттеу және жобалау бойынша үйірмелер құруды ұсынды.


Соңғы жаңалықтар