«Күміс жас»: Елордада бағдарламаға қатысатын жұмыс берушілерден өтінім қабылдануда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Күміс жас» бағдарламасына қатысуға ниет танытқан жұмыс берушілерден өтінім қабылдап жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Азамат Байтасов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл «Күміс жас» бағдарламасын іске асырамыз. Бұл бағдарлама аясында зейнеткерлікке шығуға 2 жыл қалған азаматтарды уақытша жұмыспен қамтимыз. Мұндай азаматтарға жалақының 50 пайызын мемлекет, қалған 50 пайызын жұмыс беруші төлейді. Жалақының ең жоғары шегін 30 айлық мөлшерінде болады. Бұл 91 мың теңге шамасында. Мысалы, жұмыс беруші 180 мың теңге жалақы белгілесе, онда оның 90 мыңын мемлекет төлейтін болады. Бұл бағдарламаға қатысуға ниет танытқан жұмыс берушілерден өтінім қабылдап жатыр», - деді ол қала әкімдігінде өткен брифинг барысында.

Орталық директорының айтуынша, биыл «Жастар тәжірибесі» жобасына қатысушылардың еңбекақысы 122 мың теңгеге дейін ұлғайтылады. Тәжірибеден өту мерзімі 6 айдан 1 жылға дейін ұзартылады. Сондай-ақ, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысушылардың жалақысы 30 АЕК-ке дейін немесе 91 мың теңгеге дейін артады.


Соңғы жаңалықтар