Құмар Ақсақалов: СҚО-да су басқан елді мекендер жоқ

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында қауіпті індетпен күрестен бөлек көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралар да үнемі назарда. Өңір басшысы Құмар Ақсақалов осы орайда атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, өңірде биыл да көктемгі су тасқыны күрделі өтпек. Апаттың алдын алуға көп адам жұмылдырылды. Мамандар мен техника алдын ала әзірленді.

«Облыста су кірген, тасқын судан зардап шеккен елді мекен жоқ. Өзендер, көлдер мен су қоймаларындағы су деңгейі күнделікті бақылауға алынған. Су басу қаупі жоғары Уәлиханов, Айыртау, Тимирязев және Ғ.Мүсірепов аудандарына тиісті жұмыстарды жүргізу үшін құтқарушылар алдын ала аттанды. Өткен жылдарды саралай келе төрт мыңнан астам шаршы метрді алатын 12 учаскеде жарылыс жұмыстары жүргізілді», - деді Құмар Ақсақалов.

Өңірде 100 км артық арықтар мен каналдар тазартылды, 100 мың текше метрден астам еріген қар суы сорғылармен сорылды. Автожолдар мен елді мекендердегі 3 мыңнан астам су өткізгіш құбырлар тазаланып, ауылдарға су жібермеу мақсатында 20 км қорғаныш бөгеті салынды.


Соңғы жаңалықтар