Құмар Ақсақалов: Картоп бағасын уыста ұстау үшін экспортты реттеу керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов орталық коммуникациялар қызметіне өткен баспасөз конференциясында егінді өңірде картоп бағасының қымбаттау себептерін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл мәселені тек экспортты реттеу арқылы шешуге болады. Өйткені экономика ашық. Үкіметпен және басқа да әкімдіктермен бірлесіп, көкөністердің қажетті көлемін есептеп, барлығын экспортқа шығармай, елде қажетті көлемді қалдыру керек. Көкөніс бағасы көтерілгені рас. Күзден бастап бағалар күрт көтеріле бастады. Сондықтан шаруа қожалықтар көптеген тауарларды белсенді экспорттады. Мысалы, күзде картопты 95 теңге көтерме бағамен сатқан фактілер бар», - деді әкім.

СҚО әкімі облыста тұрақтандыру қоры бар екенін еске салды.

«Тұрақтандыру қоры бізде де бар. Біз кем дегенде осы қоймаға 800 тонна картоп сатып аламыз, болашақта оларды 26 дүкенде төмен бағамен сатамыз. Қыс бойы біздің картопты 100 немесе 110 теңгеге сатты», - деді аймақ басшысы.

Құмар Ақсақалов жыл сайын мамыр айына оңтүстік облыстардан картоптың жаңа партиясы келетінін, бірақ оны маусымға дейін сақтау қиын екенін атап өтті.

«Экологиялық таза өнім болғандықтан, картопты ұзақ сақтау үшін түрлі жаңа технологияларды қолдансақ та, бзылып кетеді. Биыл мамыр айының ортасында картоп болмай, салдарынан 2-3 апта бойы баға жоғары болып тұрды. Әйтпесе өзімізді 100% картоп пен көкөніспен қамтамасыз ете аламыз», - деді облыс әкімі.


Соңғы жаңалықтар