«Құм батареялары» таза энергияның негізгі проблемасын шеше алады

None
Фото: Freepik
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Финляндияда әлемдегі алғашқы құм батареясы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ол энергияны күн, жел және басқа да жаңартылатын көздерден бірнеше ай бойы сақтауға мүмкіндік береді.

Технологияны әзірлеушілер бұл өнертабыстың жасыл энергетиканың қарқынды дамуы жолында тұрған басты мәселе – маусымдық сипатын шешетініне үміттенеді.

Батареяның жұмыс істеу принципі қарапайым: арзан түсетін күн және жел энергиясы лас құммен толтырылған бассейнді жылыту үшін пайдаланылады.

Құмды шамамен 500 °C температураға дейін қыздыруға болады және оның жоғары жылу сыйымдылығы оған энергияның негізгі үлесін сақтауға мүмкіндік береді. Кейінірек оны қыста, жылуға сұраныс артқан кезде және онымен бірге баға көтерілгенде тұрғын үйлерді жылытуға пайдалануға болады.


Соңғы жаңалықтар