Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Құлжа тасжолындағы жолайрықтың құрылысы биыл аяқталады - Досаев

2022 жылғы 30 маусым 10:41

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Түрксіб ауданындағы 7 көшеге 5 шақырым тротуар салынады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жол инфрақұрылымы қанағаттанарлық жағдайда. Ауданда 486 көшенің 439-ы немесе 90%-ті асфальтталған. Осы жылы қалған 47 көшеден 10,2 км 17 көшеге жол төсемінсіз орташа жөндеу жұмысы жүргізіледі», – деді Ерболат Досаев.

Ал Қайрат және Әлмерек шағынауданына 2 жылдың ішінде сумен жабдықтау желілері салынып, асфальт төселеді.

«2022 жылдың желтоқсан айында Құлжа күре жолы – Бұқтырма көшесінің қиылысындағы көлік жолайрығының құрылысы аяқталады. Биыл 7 көшеге 5 шақырым тротуар салынады. 65 көшеге тағы 53 км тротуар қажет. Бұл жұмыстар жалғасатын болады», – деді ол.

Сондай-ақ жаяу жүргіншілердің Рысқұлов даңғылы мен Ержанов көшесінің бойындағы магистральды темір жол учаскесін қауіпсіз кесіп өтуі үшін қыркүйек айында 2 жерүсті өткелін салуға мемлекеттік сараптама алынады.

Жұмыстар 2023 жылдың бірінші тоқсанында басталады.


Автор:

Алма Мұқанова

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары