+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Құлжа тасжолында көлік апатынан үш адам мерт болды

2019 жылғы 11 ақпан 13:48
Бөлісіңіз:
 Құлжа тасжолында көлік апатынан үш адам мерт болды

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысының Құлжа тасжолының бойында төрт көлік соқтығысып, үш адам оқиға орнында мерт болды.

Қазір көлік апатына болжам бойынша кінәлі деп танылған азамат қамаққа алынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

10 ақпан күні болған оқиғада Mersedes, Kia, Toyota және Газ көліктері соқтығысқан. Жантүршігерлік көлік апатының видеосы

">әлеуметтік желіге жарияланды. Бейнежазбада Toyota маркалы көліктің саутамтығы қалмағанын анық көруге болады. Дәл осы көліктегі үш адам, демек көлік жүргізушісі екі жолаушысымен оқиға орнында жан тапсырған. Аталған фактіні облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Оқиғаны растаймыз. Қазір осы көлік апаты бойынша ҚР ҚК 345 бабы, 4-ші бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Көлік апатына болжам бойынша кінәлі деп танылған азамат қамаққа алынды»,- деп мәлімдеді аталған ведомство қызметінен.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы облысында жолда қалған 16 адам құтқарылғандығы туралы жаздық.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT