Күлтөбе қалашығы ЮНЕСКО-ның қызығушылығын туғызып отыр

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда Дүниежүзілік мұра саласындағы халықаралық сарапшылар қатысуымен дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиында халықаралық сарапшылар, ғалымдар Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қорғау аймағында орналасқан тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау мен таныстырудың негізгі мәселелерін талқылады.

Күлтөбе қалашығының жекелеген нысандарын консервациялаумен және ішінара қалпына келтірумен ғылыми зерттеуге ерекше көңіл бөлініп, ғалымдар бұл нысандардың болашақта археологиялық парктің өзегі болатынына сенім білдірді. Бұл өз кезегінде маңызды тарихи кезеңдердің призмасы арқылы өңірдің тарихы мен мәдениетін визуализациялауға арналған археологиялық паркке айналмақ.

Естеріңізге сала кетейік, «Күлтөбе қалашығы» ашық аспан астындағы археологиялық мұражай-паркін құру аясында бұл нысанды Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу саласындағы жетекші әлемдік компаниялардың бірі Eurasian Resources Group-тің (ERG) қаржылай қолдауымен зерттеуде.

«Күлтөбе қалашығы» жобасының ғылыми жетекшісі Андрей Хазбулатов

Киелі шаһарда өткен кезекті басқосу жобаны жүзеге асыру барысындағы төртінші кеңес болып табылады. Бұдан бұрын Күлтөбе қалашығындағы ғылыми ізденістердің аралық нәтижелері Бакудегі Дүниежүзілік мұра комитетінің отырыстарында, Парижде және Түркістандағы ЮНЕСКО-ның Штаб-пәтерінде талқыланған болатын. Дөңгелек үстелде жобаның ғылыми жетекшісі Андрей Хазбулатов сарапшылар назарына бірінші далалық маусымның нәтижелерін және «Күлтөбе қалашығы»жобасы бойынша болашақ жоспарларын ұсынды.

«Маған небәрі бір жыл ішінде жасалған жобалық жұмыстардың көлемі әсер етті. Ондағы табылған дүниелер мен ашылған мәдени қабаттар Күлтөбенің тарих үшін маңыздылығы мен ауқымдылығын бағалауға мүмкіндік береді. Мұнда ең маңыздысы – бұл мұраға әсер етуді үнемі бағалау, сондай-ақ объектілерді кейіннен сауатты түсіндіру. Бұл жерде ең объективті әдіс 3D-визуализация мүмкіндігі болып табылады деп ойлаймын», - деді Она Вилейкис (Ұлыбритания).

ЮНЕСКО-ның сарапшысы, Она Вилейкис (Ұлыбритания)

Осы ретте Орталық Азияны зерттеу халықаралық институтының директоры Дмитрий Воякин халықаралық сарапшылар тобының негізгі міндеті ЮНЕСКО – ның дүниежүзілік мұрасының көрнекті нысаны Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жақын орналасқан ауқымды жұмыстарды барабар бағалау болып табылатынын атап өтті.

«Мені ҚазҒЗИ атқарған жұмыстың барлық ауқымы таң қалдырады. Бұл жұмыстар тек бірегей археологиялық паркті құру ғана емес, туристердің қалың бұқарасына қызықты, сонымен қатар бұрын тарихтың белгісіз қалған, Қазақстанның ұлттық тарихының аса маңызды тұстарын терең ғылыми зерттеу тұрғысынан да қамтиды. Қазіргі уақытта жобалық жұмыстардың бастапқы кезде қойылған міндеттердің табысты орындалғанын, ұлттық және халықаралық деңгейде үйлестіру деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік бергенін айтуға болады», - дейді Д. Воякин.

Дмитрий Воякин, Орталық Азияны зерттеу халықаралық институтының директоры

Дөңгелек үстел барысында беделді халықаралық сарапшылар қауымдастығы Күлтөбе қалашығының археологиялық объектілерін әлеуетті ғылыми тұрғыда қайта құру үшін жобаның зерттеу тобының мүшесі, белгілі сәулетші, Өзбекстанның реставрациялау ғылыми - жобалау институтының ғылыми қызметкері Владимир Артемьевты тыңдап, оның ұсынған жұмыс жобаларын талқылады. Аталған ғылыми қызметкердің пікірінше, Күлтөбе қалашығы тек Қазақстан үшін ғана мағызды емес. Мұнда екі мыңжылдықтағы тарих пен мәдени сабақтастықтығының болғанын көруге болады.

«Сәулет өнерінің білікті тарихшысы бола отырып, мен бұл нысанды аса қызықты ескерткіштердің бірі ретінде қарастырамын. Қаланың басты нысаны – қаңлы-сармат кезеңінің ежелгі цитаделінің айналасында бірнеше дәуірдің ішінде бірегей қала құрылысы конструкциялары қалыптасты», - дейді Владимир Артемьев.

Владимир Артемьев, Өзбекстанның реставрациялау ғылыми - жобалау институтының ғылыми қызметкері

Күлтөбе қалашығы ежелгі Яссы қаласының бір бөлігі болғандықтан, ЮНЕСКО сарапшылары консервацияға және ішінара қалпына келтіруге ұшырайтын нысандардың тұсаукесерін талқылауға ерекше назар аударды. Олардың ішінде бірнеше әр түрлі кезең нысандарының эскиздері – қолөнершілердің тұрғын үйлері, жер иеленушілер, ежелгі сауда көшелері, шеберханалар, ішкі аулалар және XII-XIX ғғ.бекініс қабырғаларының элементтері бар.

«Тарихи нысандарды қайта құру бойынша ұсынылған жобалық материалдар өте егжей-тегжейлі және ғылыми тұрғыда негізделген деп айтуға болады. Бұл - болашақ археологиялық парктің виртуалды турларын құрастыру үшін тамаша теориялық база»,-деп түсініктеме берді Пабло Лонгория (Испания).

ЮНЕСКО-ның сарапшысы Пабло Лонгория (Испания)

Сарапшылар тобы Күлтөбе қалашығында

Жалпы, Күлтөбе қалашығының ғылыми жұмыстарының нәтижелері мен археологиялық меңгерудің болашақ жоспарлары халықаралық сарапшылардың оң бағасына ие болды. Сарапшылар ұсынылған ғылыми зерттеулердің жоғары сапасын және олардың әлеуетін атап өтті. Қазіргі заманғы сандық технологиялар арқылы ежелгі замандарда болашақ археологиялық парктің келушілеріне батуға мүмкіндік беретін, толықтырылған шындықты одан әрі цифрлы визуализациялау үшін әр түрлі кезеңдегі ғылыми қайта жаңартуларды жобалау бойынша жұмысты жалғастыруды ұсынды. Алдағы уақытта бұл талқылаудың нәтижелері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра ескерткішіне әсерін бағалау туралы жалпы сараптамалық есепке енеді деп жоспарланып отыр.


ФОТО:ҚазҒЗМИ
Соңғы жаңалықтар