Құлсарыда көшеде тыр жалаңаш жүрген ер адам ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының Құлсары қаласында көшеде тыр жалаңаш жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жылыой ауданы Құлсары қаласында көшеде ер адам тыр жалаңаш жүрген сәт түсірілген видео бүгін әлеуметтік желіге тарап кетті. Желі қолданушылары бұл оқиғаға ашуланып, ер адамды тауып, жазалауын талап етті.

«Жалаңаш жүрген ер адамның кім екені анықталды. Ол 1988 жылы туған көрші Батыс Қазақстан облысының тұрғыны. Қазір ол ұсталды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 440-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тергеуден соң іс сотқа жолданады. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін оған айыппұл төлеу не тұтқынға алыну жазасы тағайындалуы мүмкін. Оны сот шешеді», - деп хабарлады Атырау облысы бойынша ІІД баспасөз қызметі. 

Соңғы жаңалықтар