Құлсарыда көлік терезесінен денесін шығарғандар жазаланды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының Құлсары қаласында көлік терезесінен денесін шығарғандар жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 маусымда Құлсары қаласының орталық көшесінде екі адам қозғалып бара жатқан көліктің терезесінен денесін шығарып, ту ұстап тұрған.

Жолда жүру ережесін сақтамағандар Жылыой аудандық полиция бөлімінің жедел басқару орталығының бейнекамерасына түскен.

Видеода екі азаматтың көлік терезесінен денесін шығарып, мемлекеттік туды ұстап тұрғанын көруге болады.

«Осыған орай патрульдік полиция қызметкерлері «Toyota Ipsum» көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 593-ші және 619-бабымен әкімшілік хаттамалар толтырды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар