+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Күлекбаевтың сыбайластарына қатысты үкім шықты

2016 жылғы 2 қараша 11:52
Бөлісіңіз:
Күлекбаевтың сыбайластарына қатысты үкім шықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы ЛА 155/18 тергеу абақтысында теракт ұйымдастырып, 10 адамның өмірін қиған Руслан Күлекбаевқа және оның сыбайластарына қатысты сот үкімі шықты.

Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ерлан Болатов сот үкімін оқыды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, судья Күлекбаевқа теракт жасағаны үшін өлім жазасын тағайындады. Сонымен қатар, Р.Күлекбаевпен бірге сотқа атыс қаруын заңсыз сақтап, өзімен бірге алып жүріп, дайындап, Р.Күлекбаевпен бірге кәсіпкер Мещеряковтің үйіне қарақшылық шабуыл ұйымдастырған Р.Лю, Ж.Сапарбеков, Д.Әсембекұлы, Е.Құсайынов, Н.Әбдімомындарға қатысты сот үкімі оқылды.

Сот үкімімен Рафик Лю ҚР ҚК 188-бабының 4-бөлігі, 288-бабының 1-бөлігі, 287-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, түпкілікті жеке мүлкі тәркіленіп, 9 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Жазасын түзеу колониясының қатаң режімінде өтеу белгіленді.

Жасұлан Сапарбеков ҚР ҚК 192-б.4-б; 287-б, 4-б кінәлі деп танылып, жеке мүлкі тәркіленіп, түпкілікті 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру және жазаны түзеу колониясының қатаң режімінде өтеу тағайындалды.

Ербол Құсайынов ҚР ҚК 192-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, жеке мүлкі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын түзеу колониясын қатаң режімінде өтейтін болады.

Дәурен Әсембекұлы ҚР ҚК 192-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, жеке мүлкі тәркіленіп, 10 жыл бас бостандығынан айырылды.

Нұрсұлтан Әбдімомынға ҚР ҚК 187-бабының, 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын жалпы режімдегі колонияда өтейді. Кепіл ретінде алынған бұлтарпау шарасы өзгеріп, сот залынан қамауға алынды.

«Кепіл ретінде алынған мүлік заңды иелеріне қайтарылсын», - деді Үкімді оқыған судья Ерлан Болатов.

Айта кетейік, бүгін судья Ерлан Болатов Руслан Күлекбаевқа қатысты сот үкімін оқыды.

«Р.Күлекбаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің (ҚР ҚК) 255-бабы, 4-бөлігі (лаңкестік акт), 99-бабы, 2-бөлігі (екі немесе одан да көп адамды өлтіру), 24-бабының 3-бөлігі (өлтіру үшін шабуыл жасау), 192-б. 4-б. (топ адамға қарақшылық шабуыл), 287-б. 4-т. (заңсыз қару тасымалдау), 288-б. 2-б. (қаруды заңсыз жасау), 287 бабының 4-бөлігімен, 291-б. 4-б. (қару ұрлау), 200-б. 4-б. (көлік ұрлау), 126-б. 2-б. (адамды заңсыз бас бостандығынан айыру) бойынша, 58-бабының 4-бөлігін басшылыққа алып, жеке мүлкі тәркіленіп, өлім жазасы тағайындалсын», - деді үкімді оқыған судья Ерлан Болатов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Серік Жолдасбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT