«Құлдықта болдым»: Ақмолалық полицейлер видеоға қатысты тергеуді бастады

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысы Ақкөл қаласының тұрғыны өзін біреулер құлдықта ұстағаны туралы әлеуметтік желіде видео таратып, көмек сұрады. Полиция осыған байланысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақмола облысының Полиция департаменті азамат А.-ның өтініші бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлайды. Дене жарақаттары бойынша Астана қалалық сот сараптамасы институтында сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді ведомстводан ҚазАқпарат тілшісінің сауалына.

Сонымен бірге ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, тергеу шеңберінде куәгерлер анықталып, жәбірленушінің және ол көрсеткен адамдардың айғақтары мұқият тексеріліп жатыр.

Қылмыстық істі тергеу барысын Полиция департаментінің бастығы өз бақылауына алды.


Соңғы жаңалықтар