Құлап қалмағанда финалға өтер ме едім - Нұрберген Жұмағазиев

None
None
  ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Бүгін шорт-тректен 1500 метр қашықтықта сынға түскен Нұрберген Жұмағазиев жарыстан кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құлам қалмағанда финалға өтер ме едім, кім біледі?! Абайсызда айналмаға келгенде алдымда келе жатқан спортшының конькиіне шалынып, құлап түстім. Бір сәтсіздік, бір сабақ. Алда әлі 500, 1000 және 5000 метр қашықтықта сынға түсем. Бұйырса сол кезде барымды салатын боламын. Ең бастысы құлағанда жарақат алмадым», - деді ол жарыстан кейін.

Естеріңізге сала кетейік, шорт-трекшілер Нұрберген Жұмағазиевпен бірге  Денис Никиша және қыздар арасында 500 метрге жүгірген Анастасия Крестова іріктеу кезеңінен өтпей қалған болатын

Фото: Izturgan Aldauyev

 

 

Соңғы жаңалықтар