Кулагин су тасқыны болуы ықтимал аудандарды аралады

None
None
КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин кезекті жұмыс сапарымен Целиноград, Астрахан, Егіндікөл және Бұланды аудандарында болып, көктемгі су тасқынының алдын алу бағытында қолға алынған жұмыстарды көрді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Аймақ басшысы алдымен Целиноград ауданының Талапкер ауылындағы Есіл өзені бойында орналасқан инженерлік нысанның ағын судың іркіліссіз өткізілуін қамтамасыз етуді қадағалады.

Бұл жерде, аймақ басшысы өткен жылдың жаз және күз айларында су тасқынының алды алу бағытында кешенді шаралар жүзеге асырылғаны туралы құлағдар болды. Мәселен, Ақмол, Жаңажол, Бірлік, Отаутүскен және Қараөткел ауылдарын топан судан қорғау үшін салынған бөгеттер нығайтылған.
null  

Төтенше жағдайды алу бағдарламасы бойынша аудандық бюджеттен 18,68 миллион теңге қаржы бөлінген. Оған қоса, қажет болған жағдайда қосымша  тағы 40 миллион теңге қарастырылып отыр.

Мамандардың дерегі бойынша, биыл Целиноград ауданында  200 мың текше метрден астам қар түскен. Қарды тазалау жұмыстарына бюджеттен 42,5 миллион теңге бөлініп отыр.  Қазіргі кезде, 75 мың текше метр қар тасымалданды. 86 су өткізу нысанының 44 тазаланды.  Аймақ басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды 20 наурызға  дейін аяқтауды тапсырды.

Сонымен қатар, Сергей Кулагин Нұра және Есіл өзенінің деңгейін бақылап отыратын гидро бекетте болды. Мұнда мұзды уату үшін жару жұмыстары жүргізілмек. Жалпы, Нұра өзенінің бетіндегі мұз қатпарын жару аумағы 1500 шаршы метрді құрап отыр.
null  

Астрахан ауданы аумағында елді мекендерде түскен қардың қалындығы 400-450 мм құрайды.  Ауданда Ягодное, Новый және Старый Колутон, Зеленое ауылдарына қауіп төніп тұр.   Осы орайда, аймақ басшысы аталған елді мекендердегі қарды тазалау жұмыстарын ширатып,  қажет болған кезде тұрғындар мен үй жануарларын көшіретін қауіпсіз жердің дайын болуын  тапсырды.

Бұланды және Егіндікөл аудандарының әкімдеріне де осындай нақты тапсырмалар жүктелді.

Сондай-ақ, аймақ басшысы, жақын күндері облыс аумағын әуеден бақылап, нақты жағдайды көзбен көретінін атап өтті.
null  

Соңғы жаңалықтар