Кулагин ақмолалық аруларды 8 наурыз мерекесімен құттықтады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнi қарсаңында өңірдегі нәзік жандармен кездестi, мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Кездесуде аймақ басшысы қазiргi замандағы әйелдердiң қоғамдағы рөлiне тоқталып, ең бiрiншi әйел ана екенiн айтып, нәзiк жандарды келе жатқан мерекесiмен құттықтады.

«Бүгiнгi күнi Ақмола облысында 7 мыңнам астам көпбалалы ана бар, оның 3 мыңнан астамы «Алтын Алқа», қалғаны «Күмiс Алқа» иегерi. Әсiресе осы күнi Ұлы Отан соғысының ауыртпалығын көтерген тыл еңбеккерлерiне алғысым шексiз», -дедi С. Кулагин.

Сонымен қатар, аймақ басшысы елiмiзде ерлермен қатар сан-түрлi салада жұмыс iстеп келе жатқан әйелдердi ерекше атап өтiп, облыстың әлеуметтiк-экономикалық саласын дамытуда, қоғамдық-саяси өмiрдi жандандыруда, отбасын нығайтуда, жастарды тәрбиелеуде әйелдердiң рөлi орасан зор екенiн айтып, олардың еңбегiне шексiз алғысын жеткiздi.

Мерекелiк кездесуде көпбалалы аналарға облыс әкiмi салтанатты түрде алтын және күмiс алқаларды табыс еттi.

Атап өту керек, аймақта биыл ҚР Президентi Жарлығымен 61 көпбалалы ана алтын және күмiс алқа атағына ие болды.Сондай-ақ аймақта түрлi саланы дамытуға үлес қосқан бiрқатар әйел аймақ басшысының алғыс хатымен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар