Құлаған ұшақ ұшуға жарамды болған - ҚР Бас көлік прокуратурасы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Бас көлік прокуратурасы Алматы облысында құлаған ұшаққа байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің хабарлауынша, әуе кемесінің ұшуға қажетті барлық құжаттары, ұшу жарамдылығы туралы сертификаты, әуе жұмыстарын жүргізуі туралы күәлігі болған.

Ұшу жұмыстары әуе навигациясы органдарымен келісілген.

Қазір оқиға орнында Талдықорған көлік прокуроры, Алматы-1 стансасы Ішкі істер Желілік бөлімі, Алтынкөл стансасының желілік бөлімі, Панфилов аудандық ТЖД мамандары жұмыс істеп жатыр.

Аталған дерек Алматы әуежайының ҚР ҚК 344 бабының 3 бөлімі бойынша бірыңғай сотқа дейінгі тергеу ісі реестріне тіркелді.

Министрлік төтенше жағдайдың себептерін анықтау үшін тексеру жұмыстары туралы бұйрық шығармақ.

Еске сала кетейік, төтенше жағдай бүгін таңертең Панфилов ауданында Шолақай ауылына жақын жерде болған.

Жүгері егістігін өңдеуге шыққан ЯК-12 ұшағы құлап, артынан өртене бастаған. Бортта ұшқыш пен тағы бір адам болған. Екеуі де қаза болды.

Соңғы жаңалықтар