Құқық қорғау жүйесін реформалаудағы басты мақсат - қылмыстық саясатты ізгілендіру ‑ Н. Назарбаев

None
None
АСТАНА. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - «Біз құқық қорғау жүйемізді жетілдірудеміз. Менің жарлығыма сәйкес құқық қорғау органдарын реформалау міндеттері айқындалды. Бұл реформаның басты мақсаты - қылмыстық саясатты ізгілендіру. Бүгін Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында «Конституция - мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми‑тәжірибелік конференцияның бірінші күнінде сөз сөйлеген Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

Негізгі заңымыз сыртқы саясаттағы басты қағидаттарды ‑ теңгерімділікті, көпвекторлықты бекітті», деді Президент. Сонымен бірге, Елбасы Қазақстанның әлемде атом қаруынан бас тартқан бірінші әрі жалғыз мемлекет екендігін, еліміздің әлемдегі ең ірі ядролық полигонды жауып, ғаламдық ядролық диалогтың белсенді мүшесіне айналғанын атап өтті. «Қазақстан бүгінгі күні БҰҰ‑ға ядролық қарусыз әлем декларациясын ұсынуда. Екі күннен кейін, тамыздың жиырма тоғызында әлем елдері бірінші рет Қазақстанның ұсынысымен қабылданған Халықаралық ядролық сынаққа қарсылық күнін кеңінен атап өтеді», деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар