Құқық қорғау органдары орын алған қылмысқа емес, оның алдын алуға баса мән беруі тиіс - Р. Мұқашев

None
None
анның 27-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - Құқық қорғау органдары орын алған қылмысқа емес, оның  алдын алуға баса мән беруі тиіс.

 Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өтіп жатқан дөңгелек үстел жиынында Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Рахмет Мұқашев осылай мәлім етті. 

 Естеріңізге сала кетейік, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған басқосуда «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР заң жобалары талқылануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Кез келген өркениетті мемлекеттің құқық қорғау органдарының қызметінде құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі әрқашан күн тәртібіндегі өзекті проблема күйінде тұруы тиіс. Бірақ, нақты өмірдегі тәжірибелер құқық қорғау органдарының құқық бұзушылық қылмысы жасалғаннан кейінгі оның салдарына назар аударатынын көрсетеді. Яғни, басым жағдайда құқық бұзушылықтың алдын алу шарасына емес, тек қылмыс жасалып болған соң оның салдарымен күреске көп мән беріледі. Бұндай олқылықтардың негізгі себебі қолданыстағы заңнаманың жетілмеуінен де болып отыр. Осы мәселелер ескеріле отырып, Қазақстанда құқық бұзушылықпен күрес саласында маңызды, жүйелі өзгерістер енгізіліп жатыр», деді Комитет төрағасы Рахмет Мұқашев.

Депутаттың айтуынша, «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР заң жобалары қабылданған жағдайда елімізде төрт заңнама осындай қылмыстардың алдын алуға қатысты жұмыс істейтін болады. Сонымен бірге, Р. Мұқашев қазіргі күні аталған екі құжаттың Мәжілісте екінші оқылымға талқылануға әзір екендігін айта келе, ЕҚЫҰ тарапынан да заң жобасына қатысты қорытынды берілгенін еске салып өтті. 

Соңғы жаңалықтар