Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өкілеттікті теріс пайдалану фактілеріне тексеріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалануы факьтілеріне тексеріс жүргізіледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ішкі істер органдары тергеушілерінің қылмыстық істер бойынша барлық шешімдері заңнама талаптарымен қатаң сәйкестікте, атап айтқанда, қылмыстық процестің үш буынды моделі аясында қабылданады. Күдіктіні ұстау, олардың іс-әрекеттерін саралау, сондай-ақ бұлтартпау шараларын таңдау сияқты барлық негізгі іс жүргізу шешімдері тек прокурормен келісіледі. Одан өзге, тінту, алу, сараптама үшін үлгілерді алу, санкциялау сияқты іс жүргізу әрекеттері тергеу соттарының қаулысы негізінде жүргізіледі. Қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған барлық адам дене жарақаттарының болуына медициналық куәландыру жүргізілгеннен кейін ғана, уақытша ұстау абақтысына қамалады. Себебі кейбіреулері тәртіпсіздік орнынан тікелей медициналық мекемелерге жеткізілен», - деді С. Әділов.

Оның айтуынша, ұсталған күдіктілердің адвокаттарға қолжетімділігі қамтамасыз етіледі, қажет болған жағдайда мемлекет қаражаты есебінен тегін қорғаушылар қызметі ұсынылады.

«Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалануы және билікті асыра қолдануы туралы әрбір шағымға прокуратура органдарымен қатар, Ішкі істер министрінің тапсырмасымен өзіндік қауіпсіздік бөліністері тексеру жүргізеді. Олардың байланыс деректері бірінші күннен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған. Сонымен қатар, арнайы мекемелердің медицина қызметкерлерінің ұсынымдары бойынша денсаулық жағдайына байланысты бірқатар күдіктілерге қатысты бұлтартпау шараларын өзгерту мәселелері қарастырылуда. Бүгінге осы негіздер бойынша және жеке басын ескере отырып, бірқатар күдікті күзеттен босатылды. Оларға қатысты қоғамнан оқшаулауға байланысты емес бұлтартпау шаралары қолданылды», - деді Тергеу департаментінің бастығы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, тәртіпсіздік кезінде зақым келген нысандар мен көліктер саны белгілі болды.

Сонымен қатар, қаруды ұрлағаны үшін 98 адам ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды және оларды заңсыз сақтағаны үшін 61 адам ұсталды.

Санжар Әділов еліміздегі тәртіпсіздік кезінде қозғалған қылмыстық істер туралы айтып берді.


Соңғы жаңалықтар