Құқық бұзушылықтың алдын алуда мемлекеттің, жеке тұлғаның және қоғамның мүдделер теңдігі толық сақталуы тиіс - ЕҚЫҰ Орталығының өкілі

None
None
анның 27-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - Құқық бұзушылықтың алдын алу мемлекеттің, жеке тұлғаның және қоғамның мүдделер теңдігі толық сақталуы тиіс.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өтіп жатқан дөңгелек үстел жиынында ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Орталығы басшысының орынбасары Жанетт Клотцер осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  «ЕҚЫҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі мен ЕҚЫҰ/БДИПЧ өз қызметтері аясында бірнеше жылдар бойы Қазақстан Республикасында жаңа заңнамалар әзірлеу мен қолданыстағы заңнамаларды жетілдіру бойынша ынтымақтасып келеді. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл, еркектер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктері секілді мәселелер бірнеше мәрте талқыланып, кеңестер өткізілді. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы ЕҚЫҰ ұсыныстары мен БДИПЧ сарапшыларының алдын ала қорытындысы бұдан бұрын қазақстандық тарап өкілдерімен бірлесе талқыланған болатын. Сондықтан да, осы жобалар бойынша кезекті жұмыстың жалғасуына ризашылығымызды білдіреміз», деді Ж. Клотцер. Сонымен бірге, ЕҚЫҰ Орталығының өкілі заң жобаларының құқық бұзушылықтың әлеуметтік және криминологиялық ахуалды жақсартатынына, жалпы қылмыстың алдын алуға қатысты оң серпін беретініне сенім білдірді.

 «Адам құқығының, заңдылықтың және құқықтың салтанат құруына қатысты қағидаттар, оның ішінде ЕҚЫҰ-ның Копенгаген кеңесінде, Мәскеуде өткен адамзаттық өлшемдер конференциясында қабылданған шешімдер кез келген жағдайда, тіпті қылмыстың алдын алу секілді игілікті шаралар барысында да сақталуы тиіс. Сондықтан да біз мемлекеттің, жеке тұлғаның және қоғамның мүдделер теңдігінің толық сақталуына әрқашан назар аударуды сұраймыз», деді Ж. Клотцер. 

Соңғы жаңалықтар