Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кешенді жоспар өзектендірілді - ІІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кешенді жоспар өзектендірілді. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Үкіметі жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі 2020-2022 жылдарға арналған кешенді жоспардың өзектілігі туралы хабарлады. Жоспарға есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және браконьерлікпен күрес саласында қосымша 15 жаңа іс-шара енгізілді», - деді ол ҚР ІІМ баспасөз алаңында өткен брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, өзгерістерді ескере отырып, Білім және ғылым министрлігі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер енгізді. Сонымен қатар, аталған жағдайды ескере отырып, кешенді жоспардың 12 іс-шарасы редакцияланды.

«ІІМ жүйесінде ауқымды өзгерістер жүріп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың нұсқауларына сәйкес реформалардың негізгі бағыты полиция жұмысының сервистік моделіне көшу болып табылады. Осыған байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі кешенді жоспарға «полиция жұмысының сервистік моделін енгізу жөніндегі тұжырымдаманы» әзірлеу енгізілді», - деп атап өткен Ерлан Тұрғымбаев аталған отырыс барысында.


Соңғы жаңалықтар