Кукушкин US Open 2017 турнирінің іріктеу кезеңінде екінші айналымға өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин US Open 2017 турнирінің іріктеу кезеңінде екінші айналымға өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше , екінші айналымда Михаил Кукушкин словакиялық Йозеф Коваликті 6:1, 6:3 есебімен жеңген.

Келесі турда ол Тобиас Камкемен күш сынасады. Германиялық спортшы  ATP рейтингінде 175-орында тұр.   

Теннисші қызымыз Зарина Дияс осы жарыстың екінші іріктеу айналымына шығу үшін швециялық Ребекки Петерсонмен ойнайды.

Ал, Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева US Open турнирінің негізгі сеткасында өнер көрсетеді. 

Еске сала кетсек, басқа теннисшілеріміз Александр Недовесов, Александр Бублик пен Дмитрий Попко бірінші айналымнан аса алмады.

"Үлкен дулыға" жарысының биылғы жүлде қоры $50 млн-нан асып түсті.

Соңғы жаңалықтар